Шығыс Қазақстан облысында паромдар тоқтайды

28 желтоқсаннан бастап Бұқтырма су қоймасында Ертіс және Күршім паромдары жұмысын тоқтатады. BAQ.KZ бұл туралы Altaynews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қызыл ту» (Казнаковская) паром өткелі жұмысын тоқтататынын ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті.

Қазіргі уақытта мұз үстінде көлік қозғалысына тыйым салынған. Мұздың қалыңдығы қолайлы болған кезде мұз өткелі ашылады, - деді ведомствода.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы