Шығыс Қазақстан облысында кезекті қос азаматтық фактісі анықталды
Бір жылға жуық уақыт бойы әйел адам Қазақстан және Ресей тарапынан зейнетақы төлемдерін алған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтықтың кезекті фактісін анықтаған. Қазіргі уақытта Қазақстанның құжаттары алынып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру тіркелді.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда бұл туралы 30 күнтізбелік күн ішінде Ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасындағы шетел мекемелеріне хабарлау қажет екенін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында қолайсыз ауа райы салдарынан 50 жол апаты болып, 17 адам зардап шекті
Келесі жаңалық
Жамбыл облысының 85 жылдығы кең көлемде атап өтілді
Өзгелердің жаңалығы