Бүгiн 2026, 18:32
Фото: видеодан скриншот
Шығыс Қазақстан облысында 3 адам кәріз құдығында уланып қалды
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауылында кәріз құдығында жұмысшылар газдан уланды.
Глубокое кентіндегі кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде коммуналдық қызметтің үш жұмысшысы уланып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына алғашқы болып Глубокое ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Константин Боровиков пен аудан әкімі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы Темірлан Кеңесқанов жетті.
Қызметкерлер құдықтан екі зардап шегушіні шығарып алды. Тағы бір ер адам сыртқа өзі шығып үлгерген. Құтқарушыларды да сол адам шақырған, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде уланып қалған әйел мен үш баланың мәйіті табылды.