Шығыс Қазақстан аумағында өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда

Шығыс Қазақстанда өрт сөндіру бөлімшелері күн сайын құрғақ шөптің жануына қарсы күрес жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аптаның басынан бастап олар шамамен 20 рет жану оқиғаларына шығып, жедел іс-әрекет нәтижесінде аумағын ұлғайтпай тез сөндірді. Құрғақ шөптердің жануы негізінен халықтың отқа немқұрайлы қарауы және найзағайдың түсуінен орын алып жатады.

Өрт қауіпті кезеңде облыс аумағында өрт инспекторлары, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар қатарынан 250-ден астам адамнан тұратын 46 мобильді топ жұмыс істеуде. Олар орман аймағындағы алқаптарға мониторинг жүргізеді және рейдтік іс-шаралар өткізеді, рейдтік іс-шаралар барысында 51 өрт қауіпсіздігін бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мобильді топтар демалыс орындарында демалуышыларға және азаматтарға орманда ашық отты абайсызда пайдалану, өрттің негізгі шығу себептері, өрт қауіпсіздігі саласындағы барлық ұсыныстарды орындау қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі ақпараттарды айтуда.

Алдағы күндері облыс аумағында күннің қатты ысуы және жоғары өрт қаупі сақталады. Осыған байланысты ШҚО ТЖД азаматтарға орманға барудан бас тартуды ұсынады!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы