Шығыс Қазақстанда жол апатынан медицина қызметкерлері қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 ақпан күні кешкі сағат 19.25-те «Өскемен-Семей» тасжолында жол апаты болып, екі медицина қызметкері қаза тапты, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тіркемесі бар DAF маркалы жүк көлігі «Өскемен-Семей» тасжолының 140/58 шақырымында ГАЗ-A31R23 маркалы жедел жәрдем автокөлігімен соқтығысқан. Көктайғақ пен бұрқасын салдарынан жүк көлігінің 29 жастағы жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай жедел жәрдем көлігіне соғылды. Салдарынан 1972 және 1979 жылы туған екі медицина қызметкері сол жерде көз жұмды. Жедел жәрдем көлігінің 44 жастағы жүргізушісі Семей қалалық ауруханасына жеткізілді, - делінген хабарламада.
Осы факт негізінде ҚР Қылмыстық Кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі жол қозғалысы мен ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Малайзия электрондық коммерцияны кеңейтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы