Шығыс Қазақстанда жасөспірім өзенге құлап көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан ауданы Кеңарал айдауында өзеннен атпен өткенде 2007 жылы туған жасөспірім суға құлап, батып кетті, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Кейінірек белгілі болғандай, ол әкесімен бірге ат үстінде терең өзеннен өтпек болыпқауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан қаза болды.

Оқиға орнына жеткен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының сүңгуіршілері суға батып кеткен баланы жаға алып шықты.

Департамент мамандары алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға түсуге және шомылуға, қайықтан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге, зерттелмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге, жүзуге арналмаған заттармен жүзуге, балаларға ересектерсіз суға түсуге рұқсат етілмейтінін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы