Шығыс Қазақстанда тұрғыны аз 8 ауыл таратылатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде бүгін облыстық әкімдікте өткен қоғамдық тыңдау барысында белгілі болды, деп хабарлады Алтайньюс.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына ұсынылған қаулы жобалары бойынша Көкпекті, Күршім және Шемонаиха аудандарындағы бүгінде тұрғындар саны 50 адамнан аз әрі мектебі мен фельдшерлік пункті жоқ 8 елді мекен ауыл мәртебесінен айырылмақ.

Атап айтсақ, Көкпекті ауданының Биғаш ауылдық округіне қарасты Комсомол, Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округтің Кіші Бөкен елді мекендері ауыл мәртебесінен айырылса, Күршім ауданында бұл тізімге Алтай, Діңгек, Жылытау, Қарабұлақ, Тентек ауылдары ілінеді. Сондай-ақ Шемонаиха ауданының Октябрь ауылдық округіне қарасты Садовое ауылы да таратылуға жатады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы