Шығыс Қазақстанда қатты жел құс фабрикасының шатырын ұшырып жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Глубокое ауданында қатты жел құс фабрикасының асханасы ғимаратының шатырын ұшырып жіберді. 

2020 жылдың 20 наурызында Глубокое ауданында 16 м/с жететін қатты желдің салдарынан Предгорное кентінде 680 шаршы метр алаңда құс фабрикасының асхана ғимаратының шатыры бұзылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Сол жерде комиссия жұмыс істеп жатыр.

ШҚО ТЖД алдағы желдің екпіні туралы алдын ала ескерткен болатын. Құтқарушылар азаматтарға өте мұқият болуға, нашар бекітілген және тозған құрылымдарға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электр тарату желілеріне жақындамауға кеңес береді, - делінген хабарламада. 


Дауылдық ескерту туралы  "Дәрмен" мобильді қосымшасынан білуге болады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге хабарлаңыз.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы