Шығыс Қазақстанда 32 бас жылқы ұрлаған ұры ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының ПБ-не шаруа қожалығының басшысы өтініш білдірген. Ол шаруа қожалығының шетіндегі еркін жайылымнан 15 бас жылқының жоғалғаны туралы хабарлады.
Мал иесі келтірілген залалды 3 миллион теңгеден астам деп бағалаған.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді және тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Жедел уәкілдер учаскелік инспекторлармен бірге жақын маңдағы барлық аумақты аралап, куәгерлерден жауап алды, мал тасымалдайтын автокөліктерді және ет пен мал сататын орындарды мұқият тексерді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қысқа мерзімде мал ұрлығына қатысты күдіктіні ұстады. Ол 47 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, күдікті кінәсін толығымен мойындады. Тергеу барысында өткен жылдың аяғынан бастап қазіргі уақытқа дейін осы шаруа қожалығының аумағынан 32 бас жылқы ұрлағаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Сонымен қатар, ұрланған жылқыларды сатып алушы анықталды, 52 жастағы қала тұрғыны 12 бас жылқыны сатып алып, оның 11 басын сатып жіберген. Мойындау айғақтары алынған заттай дәлелдемелермен расталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкенттік полицейлер жоғалған балақайды анасымен қауыштырды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы