Шығыс Қазақстанда 3 мыңға жуық баланың тілегі орындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық балаларды қорғау күнінде үш айға созылған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аяқталды, деп хабарлады altaynews.kz.
2016 жылдан бері Шығыс Қазақстан облыстық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Акцияның алты жылында бүлдіршіндердің 13 мың тілегі орындалды. Биыл балаларды қуанту 1 наурыздан басталған.
Акция барысында Tylek.kz сайтында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерден, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан, ата-әжелері қамқоршы және ата-аналары мүгедек балалардан 2944 тілек хаттар орналастырылып, орындалды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Шағын хаттарында шығысқазақстандықтар әр түрлі өтініштерін білдірді. Оның ішінде қуыршақтар, велосипед, коньки, шаңғы, киім-кешектер, оқу құралдары мен кеңсе тауарлары да бар. Облыстың жанашыр халқының арқасында балалар барлық қалаған сыйлықтарын алды. Ең белсенді демеушілер облыстық Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ер адам Сайран көліне батып кетті
Өзгелердің жаңалығы