Шығыс Қазақстан тұрғынынан төрт жыл бұрын жоғалған қару тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда осыдан төрт жыл бұрын жоғалған қару тәркіленді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

27 мамырда «Қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлеріне 66 жастағы жергілікті тұрғын атыс қаруын заңсыз сақтағаны туралы хабарлаған.

Полицейлер Глубокое ауданының тұрғынының үйін тінту кезінде қосалқы бөлмеден 16 калибрлі патрондарға жарамды «ИЖ-58» маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығы мен ойық және тегіс ұңғылы қаруға арналған оқ-дәрілер болып тапқан.


Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287 - бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Атап өтетін бір жайт, 2017 жылы бұл адам мылтықтың жоғалғанын мәлімдеді, алайда жүргізілген шаралар барысында барлығы керісінше екені дәлелденді.

Сонымен қатар, ПД қызметкерлері полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы