Шығыс Қазақстан полицейлері 13 атыс қаруын тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9-11 қараша аралығында заңсыз айналымдағы қару-жарақты анықтау мақсатында «Қару» жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Үш күн ішінде жедел-іздестіру шаралары барысында 13 атыс қаруы тәркіленді. Атап айтқанда, 3 иір ойықты, 6 тегіс ұңғылы және 4 шолақ мылтық, сондай-ақ 15 оқ-дәрі мен 3 суық қару, - дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Мәселен, полиция қызметкерлері Шемонаиха қаласындағы 39 жастағы ер адамның үйінен тіркеуге алынбаған бір ұңғылы, 28 калибрлі аңшы мылтығын тапты. Сарапшы қорытындысына сәйкес тәркіленген қару зауыттық әдіспен жасалған және оқ атуға жарамды. 

Тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы, 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылған. Осы ретте, департамент өкілдері өңір халқына қаруды уақытында тіркеуге қоюға, қару сақталатын үй-жайлардың қауіпсіздік жүйесін ретке келтіруге шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы