Шығыс Қазақстан облысының жолдарына шектеу қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 наурыздан 1 мамырға дейін облыс жолдарында 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл шектеулер жыл сайын көктемгі су тасқынынан өту кезеңінде және трассалардың конструктивтік элементтерінің көтеру қабілетінің төмендеуімен байланысты болады.

Шектеулер төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін тасымалдайтын, жолаушылар мен багажды тасымалдайтын, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына қолданылмайды, - делінген хабарламада.

Ауыр жүк таситын жүргізушілер енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарды құру кезінде мұқият болу керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы