Шығыс Қазақстан облысында есірткі сататын жас қыз ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының тұрғынынан 2 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 21 жастағы әйел адамды ұстаған. Ол жеңіл жолмен пайда табу мақсатында психотроптық заттарды сатумен айналысқан. Ақшаны қолма-қол алмай, есірткіні алдын ала келісілген жерге тастап кетіп отырған.
Күдіктінің пәтерінен жалпы салмағы 200 граммды құрайтын психотроптық заттың бір реттік 650 дозасы тәркіленді. Оның қара нарықтағы құны 2 млн теңгеден асады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3,5 тармақтарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Айта кетейік, осындай қылмыс жасаған адам 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы