Шығыс Қазақстан облысы аумағына санитарлық бекеттер қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
Қаулы бойынша қауіпті «қызыл» аймақтан келетіндерге ПТР тестің COVID-19-ға қарсы теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтама немесе вакциналау паспортының электронды нұсқасы қажет.
Шығыс Қазақстан облысының бүкіл аумағында шектеу шаралары 24 мамырдан 6 маусымға дейін ұзартылды.
Әкімдіктер мен мүдделі ведомстволарға төмендегі жұмыстарды қамтамасыз ету тапсырылды: Алматы облысы жақтан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіріп/шығуды бақылау үшін 2 санитарлық бекет; Қарағанды облысы жақтан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіріп/шығуды бақылау үшін 1 санитарлық бекет; «Ауыл», «Үбі», «Бақты», «Майқапшағай» бақылау-өткізу пункттерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін автокөлік өткелдерінде 4 санитарлық бекет (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары – 1 бірліктен).
Қаулы 23 мамырда күшіне енеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Каспий жағалауындағы өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы