Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарына газ Ресейден жеткізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарын ресейлік газ тасымалдау жүйесі арқылы газдандыруды көздеп отыр. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді.
Павлодар облысын газдандыруға қатысты біз екі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Біріншісі – "Сарыарқа" жобасын дамыта отырып Павлодар облысын екінші және үшінші кезеңде газдандыру. Екіншіден, ресейлік газ тасымалдау жүйесіне қосылу нұсқасы пысықталып, ресейлік "Газпром" компаниясымен талқыланып жатыр, - деді премьер-министр.
Ол бұл мәселе 2020 жылға қарай шешімін табатынын айтты. Ал Шығыс Қазақстан облысында жекелеген аудандарды газбен қамтамасыз ететін шағын кен орны барын атап өтті. Соған қарамастан "Сила Сибири 2" жобасына қосылу нұқсасы қарастырылып жатыр.
Шығыс Қазақстанға қатысты, ол жерде жекелеген аудандарды газбен қамтитын шағын кен орны бар. Онымен қоса аймақтағы экологиялық ахуалды есепке ала отырып басқа жобаны қарастырып жатырмыз. Ол – "Сила Сибири 2" жобасына қосылу. Жоба пысықталып жатыр. Бүгінде жоба бойынша газ бағасына келісу жүргізіліп жатыр. Ресей тарапына Қазақстан аумағынан Қытайға өтуді ұсындық. Тағы бір нұсқа – Барнаулдан газ тасымалдау жүйесіне тікелей қосылу, - деп түсіндірді Үкімет басшысы.
Сенат спикері Дариға Назарбаева газға тәуелді болмас үшін резервте басқа да нұсқалар болуы қажет екенін айтты.
Әрдайым резерв болуы керек. Жергілікті де, ресейлік газ да. Газға тәуелділікке тап болмас үшін екі жағын да ойлау керек, - деді Назарбаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңаөзенде 2 жеткіншек газдан уланып көз жұмды, біреуі комада
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы