Шығыс Африка елдерінде аштық қаупі күшейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Шығыс Африка елдерінің 50 миллионнан астамы тұрғыны азық-түлік тапшылығын қатты сезінуі мүмкін. Африка елдері сауда одағының өкілдері осылай деп дабыл қақты, деп жазды «Хабар24».

Әсіресе Сомали мен Оңтүстік Судандағы жағдай қиын. Мұнда қыркүйекте 300 мың адам аштықтың зардабын тартуы мүмкін.

Ахуалдың ушығуына бірнеше себеп бар. Ең алдымен климаттың өзгеруі. Салдарынан құрғақшылық жиілеп, егін аз шыққан. Азық-түлік тапшылығы мәселесінің ушығуына бағалардың өсуі де әсер еткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы