Шығыс Африка елдері қуаңшылық зардабын тартып отыр

Шығыс Африка елдері соңғы 40 жылда болмаған құрғақшылық зардабын тартуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Қуаңшылық салдарынан дақылдар дұрыс шықпай Сомалиді аштық қаупі жайлады. Жергілікті халықтың негізгі асы - жүгері 23 пайызға қымбаттады. Аймақтан 150 мың тұрғын босып, Долоу қаласына келген. Былтыр ашаршылықтан 43 мың адам қырылды. Құрбандардың арасында балалар көп. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы көмек көрсету үшін әлем елдерінен 2 милилард 600 миллион доллар қаржы сұраған. Әзірге 609 миллион доллар ғана жиналған.

Аштық құрсауынан әлі толық шыққан жоқпыз. Былтыр оған қарсы күрес жақсы жүріп еді. Биыл кедергілер көп. Ақша мүлде аз. Тиісті қаржыны жинауға барымызды салып-ақ жатырмыз. Бірақ климаттың өзгеруі мен түрлі қақтығыстарға төтеп беру шынымен ауыр, - деді Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Синди Маккейн.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы