Шығар биігіме жеттім деп айта алмаймын - Димаш Құдайберген
Әнші Димаш Құдайберген Алматыда өткен фанмитингте жанкүйерлерінің сұрағына жауап беріп қана қоймай, толғандырып жүрген мәселелер жайлы өз ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Замандастарыма, жастарға айтарым: ел ертеңі мен болашағы үшін қазір талмай, тынбай еңбек етіп, халқымызды, ұлтымызды, тілімізді жақсы жағынан насихаттауға бар күш-жігерімізді, ынтамызды салуымыз керек, - деді Димаш Құдайберген.
Ол өнер адамдарының мансабының маңыздылығы сәл асыра сілтеніп кеткенін айта кетті.
Маңыздылығы әншілерден, әртістерден де кем түспейтін үлкен мамандықтар жетіп жатыр. Мұғалімдеріміз бар. Ауыл шаруашылығында қаншама ағамыз еңбек етіп жатыр. Оларды да құрметтеуіміз керек. Шахташылардың жұмысын мақтап айтпауға болмайды. Медицина саласының қызметкерлері қандай. Жалпы барлық қызмет маңызды. Жастар, замандастарымның көпшілігі әртістердің, спорт жұлдыздарының өміріне қызығады. Ол өте жақсы, ол да керек. Жақсы әртіс пен спортшы болуға ұмтылу керек. Дегенмен ғылымды да дамыту керек. Білімді, жан-жақты, әдебиеттен де хабардар болу қажет. Жастар білімді қолға алса қай салада болмасын алдюға шығып, шыңдарды бағындырар еді, - деді ол жанкүйерлермен өткен кездесуінде.
Димаш әнші болудың да оңай емес екенін айтты.
Өнер адамы болдым-толдым дегеннен бастап тоқтады деген соң. Көп адам әнші болу оңай деп қате ойлайды. қате пікірде жүр әнші болу оңай деп қате ойлайды. Әншіліктің де қиын тұстары бар. Әншілікке де біраз ой-өріс, ізденімпаздық керек. Вокалда бір нотаны дұрыс деңгейге шығару үшін адам бірнеше ай уақыт кетіреді. Музыка колледжінде, одан кейін консерватория, өнер университеттінде оқиды. Сегіз жыл білім алып ән салып жүрген азаматты білікті, кәсіби маман деп айтуға келмейді. Ол білім алғаннан кейін сахна көріп, халықтың көңілінен шыққан сәттен бастап кәсіби маман болып қалыптасады. Мен әлі өзімнің шығар биігіме жеттім деп айта алмаймын, - деді Димаш жанкүйерлеріне.