Шығыста жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі 2 қаңтар күні 07 сағат 51 минутта Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 510 шақырым қашықтықта, Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.0. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ - делінген мекеме таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы