Шығыста 100 ауылға тасқын қаупі төніп тұр
Астана, BAQ.KZ. Шығыста 100-дей елдімекенді су алып кетуі мүмкін. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп жазады Аltaynews.kz.
Абай ауданында – 5, Аягөзде – 4, Бесқарағайда – 10, Бородулихада – 3, Глубокоеде – 10, Жармада – 5, Зайсанда – 5, Алтайда – 12, Катонқарағайда – 8, Көкпектіде – 4, Күршімде – 7, Тарбағатайда – 5, Ұланда – 6, Үржарда – 4 және Шемонаихада 6 ауыл.
Сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер сынды қалалардағы шағын елдімекендерде бар.
Солардың ішінде әсіресе 14 450 үйге зор қауіп төніп тұр. Бұл үйлерде бүгінде 42 мыңдай адам тұрады.
Естеріңізде болса, наурыз айының басында күннің +8 градусқа дейін жылынатынын айтқан болатынбыз. Күн жылыса, қар еріп, өзендердің тасуы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ерекше көрме өтеді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы