Шығыс Қазақстанның 9 ауылына интернет желісі тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Көкпекті ауданына қарасты 9 елді мекенге кең жолақты интернет желісі тартылады, деп хабарлады altaynews.kz.


Бұл туралы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов хабарлады. Бұған дейін сапалы интернет желісіне зәру болып отырған тұрғындар үшін бұл жағымды жаңалық болды. 
Биыл ауданға қарасты елді мекендерді ғаламтор желісімен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде. Соның нәтижесінде осы жылы тоғыз ауылға кең жолақты сапалы интернет желісін тартуды жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, Биағаш, Егінбұлақ, Мариногорка, Жұмба, Мойылды, Палатцы, Подгорное, Қаракөл және Песчанка ауылдары. Алдағы уақытта бұл жұмыстар әлі де жалғасады, - деді Жасұлан Майкенов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы