Шығысқазақстандық паралимпиадашылар жеңіспен оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда төрінде өткен жарысқа еліміздің 10 аймағынан келген мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер қатысты. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Сайыс спорттың бірнеше түрінен өтті. Айталық, волейбол, шахмат, суға жүзу, армрестлинг, арбадағы би және тоғыз құмалақ.

«Әсіресе арбада отырып билеген үржарлық жұп Алексей Журавлев пен Алена Кривохижина көрермен көпшіліктің көңілін толқытты», - дейді Шығыс Қазастан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі.

Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО спортшылары жалпыкомандалық есепте көш бастап, Кубокқа қол жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы