Шығысқазақстандық дәрігерлер жамбас сүйегі сынығын бекітудің жаңа әдісін меңгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығысқазақстандық хирургтер мен ортопед мамандар жамбас сүйегі сынығын бекітудің жаңашыл әдістерін меңгерді, деп хабарлады 24.kz.
Елордадан келген травматология және ортопедия институтының білікті дәрігері жамбас сүйегі остеосинтезіне арналған медициналық тәсілдің ерекшеліктерін көрсетіп берді. Айта кетерлігі, аталмыш институт пен облыстық аурухана ұжымы екіжақты меморандум бойынша жиі тәжірибе алмасады. Кезекті шеберлік сабағында бас қосқан дәрігерлер жол-көлік апатынан ауыр жарақат алған 23 жастағы жігіттің жамбас сүйегін ашық түрде бекітті. 4 сағатқа созылған операция сәтті аяқталды. Жалпы бұл медициналық шешім облыста бұрын да қолданылып келген екен. Алайда осы жолы операцияны неғұрлым жылдам өткізудің амалдары мен науқастың тез аяққа тұруы үшін қолданылатын тәсілдер таныстырылды.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы