Шығыс Қазақстандағы шахталардың бірінде екі жұмысшы қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. KAZ Minerals тобы "Шығыстүстімет" ЖШС-не қарасты Орлов өндірістік кешенінің шахтасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлады Алтайньюс.

KAZ Minerals тобы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылғы 16 маусым сағат 22:00 шамасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде Орлов шахтасының екі жұмысшысы қаза тапқан. Тағы бір зардап шеккен адам медициналық тексеру жүргізу үшін Бородулиха аудандық ауруханасына жеткізілді.

 Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Жағдайдың себептерін тергеп-тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

 

KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады. Компания зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсететін болады, - делінген ақпаратта.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы