Шығыс Қазақстандағы "Күршім" паромы қаңтардың ортасына дейін жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Күршім" паромы 10 қаңтарға дейін жұмыс істейді, деп хабарлады Алтайньюс.

Бұқтырма су қоймасы арқылы Көкпекті және Күршім аудандарының арасын жалғайтын паром жыл сайын желтоқсан айының аяғында жұмысын тоқтататын. Одан әрі көліктер мұз үстімен емін-еркін заулайтын еді. Бірақ биыл қыстың алғашқы айы жылы болғандықтан, айдынға мұз қатып үлгермеді. Осы себепті әзірше көліктердің қатынауына рұқсат жоқ, - делінген ақпаратта.

Күршім ауданының әкімдігі паромның 10 қаңтарға дейін жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы