Шығыс Қазақстанда квадроциклмен соқтығысқан жасөспірім көз жұмды
Нұр-Сұлтан. BAQ. KZ. Шығыс Қазақстанда квадроциклмен соқтығысқан 15 жастағы мотоциклші көз жұмды, деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департаменттің мәліметіне сәйкес, оқиға 20 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Глубокое ауданында болған. Жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізуші мас күйінде квадроцикл тізгіндеген. 55 жастағы ер адам екінші дәрежелі жолдан бас жолға шыға бере мотоциклмен соқтығысқан.
Орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген кәмелеттік жасқа толмаған мотоцикл жүргізушісі 26 қыркүйекте есін жимастан жантәсілім етті. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.Квадроцикл жүргізушісі 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Balapan. Еліміздегі тұңғыш балалар телеарнасына – 10 жыл
Өзгелердің жаңалығы