Шығыс Қазақстанда кейбір балық түрлерін аулауға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы суқоймаларында қарашадан бастап кейбір балық түрлерін аулауға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады. 


Сиг балықтарының (албырт тұқымдас) уылдырық шашуына байланысты Зайсан, Бұқтырма, Өскемен су қоймаларында және Ертіс өзенінде Өскемен ГЭС-нан бастап Шүлбі су қоймасына дейін, Шүлбіден Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі аралықта уақытша оларды аулауға тыйым салынады, делінген ведомствоның хабарламасында. 

Тыйым салу уақыты 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды.

Айта кетейік, албырт тұқымдастарына бұл өңірдегі балық қорындағы рипус және пелядь жатады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы