21 Қараша 2019 2019, 08:29

Шығыс Қазақстанда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде ауаны ластаған кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде ауаны ластаған кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. 

Шығыс Қазақстан облыстық экология департаментінен хабарлағандай, экологиялық заңнаманың талаптарын бұза отырып, жұмыс істеген "Еңбек-Өскемен" мекемесінің жұмысын тоқтату туралы шешім шығарылды.

Экологтардың айтуынша, кәсіпорын нормативтен тыс қалдықтарды шығарып, қоршаған ортаға залал келтірген. Сондай-ақ аталмыш мекемеге қатысты 331 және 332-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғаны анықталып отыр.

Еске салайық, қыркүйек айынан бері экологтар ауаны ластап, қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарына тексеру жүргізіп келеді.