24 Қаңтар 2020 2020, 22:21

Алтай қаласындағы екі мектепте карантин жарияланды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-ның Алтай ауданында жедел-респираторлық вирустық инфекцияның таралуына байланысты екі мектепте сабақ тоқтатылып, карантин жарияланды, деп хабарлады Altaynews.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында жедел-респираторлық вирустық инфекцияның таралуына байланысты екі мектепте сабақ тоқтатылып, карантин жарияланды, деп хабарлады Altaynews.

Сәйкес бұйрықты Алтай ауданының білім бөлімі шығарды. Атап айтқанда, карантин Алтай қаласындағы № 6-шы және № 8-ші мектептерде  жарияланып отыр. Мұнда ЖРВИ-мен ауырғандардың саны жоғары деңгейге жетті. 

Сабаққа келмеген оқушылардың саны № 6-шы мектепте 400-ден, № 8-ші мектепте – 190-нан асып кеткен.