Шығыс Қазақстанда балық аулауға уақытша тыйым салынды

Алматы, BAQ.KZ. Бұл шара аймақтағы су қоймаларында балықты сақтап қалу және көбейту мақсатында қолға алынып отыр. Бұл туралы "Устинка Live" жазды.

ШҚО жануарлар әлемін сақтау бөлімінің басшысы Мерхат Әміровтың айтуынша, 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында Зайсан көлі мен Бұқтырма суқоймасының Қарақас пен Батинск сопокқа дейінгі бөлігінде балық аулауға тыйым салынады.

Батинск сопоктан Бұқтырма СЭС дейінгі аралықта балық аулау 1 мамыр мен 15 маусым аралығында тоқтатылады. Сондай-ақ 10 мамырдан 10 маусым аралығында Өскемен, Шүлбі суқоймаларында және Ертістің Павлодар облысы шекарасына дейінгі бөлігінде де балық аулауға тыйым салынады.

«Жоғарыда аталған суқоймалары мен Зайсан көлінде ақбалық түрлерін аулау 10 қарашадан 10 желтоқсан аралығында тоқтаған болатын»,-дейді Әміров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы