Шығыс Қазақстанда қар құрсауынан 200 адам құтқарылды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы үш күнде ШҚО аумағында қарлы боран соғып, барлық бағытта тас жолдар жабылды. Төтенше жағдай қызметі жолда қалған 200-ден астам адамды құтқарды, деп хабарлады Altaynews.


Құтқарушылар Бородулиха және Шемонаиха аудандарында, Өскемен-Семей тас жолында қар құрсауында қалған 150 автокөлікке  көмекке келді.
Сондай-ақ, Көкентау ауылдық округінде бір отар малымен боранда адасып кеткен қойшыны іздеп тапты.

Қазір қала сыртындағы тас жолдарда 200-ден астам техника жұмыс істеуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы