Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жолды жауып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы "Өскемен-Алтай" тасжолын қар көшкіні басып қалған.

22 қаңтарда "Өскемен-Алтай" тасжолының 64-ші шақырымындағы 350 текше метр жерді қар көшкіні басқан. Осының салдарынан жол жартылай жабылып қалды. Қазіргі уақытта "Казақавтодор" ЖШС қар тазалау жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін құтқарушылар 20-26 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі бар екендігін ескерткен. Ведомство мәліметіне сүйенсек, 23 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, көктайғақ болады.

Сондай-ақ, екпіні секундына 28 метрге дейін жел соғады деп күтілуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы