Шығыс Қазақстанда 12 автобус жүргізушісі жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Рейд барысында Семей қаласының тәртіп сақшылары шаһардағы басты көшелердің бірінде автокөлікті мас күйінде тізгіндеген 37 жастағы ер адамды ұстады. Тексеріс кезінде оның 2 жыл бұрын Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталған. Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
«Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде өңір полицейлері көлікті мас күйде басқарған 25 жүргізушіні, бұрын көлік басқару құқығынан айырылса да рульге отырған 6 адамды, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 70 жүргізушіні және қауіпсіздік белдігін тақпаған 227 жүргізушіні анықтады. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 12 қоғамдық көлік жүргізушісі жауапқа тартылған. Сонымен қатар айып тұрағына барлығы 22 автокөлік қойылды. Бұдан бөлек, ЖҚЕ бұзғаны үшін 280-нен астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.Сондай-ақ, ШҚО полиция қызметкерлері жөндеу жұмыстары жүріп жатқан апаттық жолдар мен учаскелерге қосымша тексеру жүргізді. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 11 белгі қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ерейментауда жаңа жел электр стансасы салынуда
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы