Шығыс Қазақстан – 648 мектеп IT-сыныптармен жабдықталған еліміздегі жалғыз өңір

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан - "Менің мектебім" жобасы бойынша облыстың 648 мектебі IT-сыныптармен жабдықталған жалғыз өңір. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

Шығыс Қазақстан облысы - "Менің мектебім" жобасы бойынша облыстың 648 мектебі IT-сыныптармен жабдықталған жалғыз өңір. Оқушылар робототехника, 3D-модельдеу және бағдарламалау бойынша тегін білім алады. "Білікті маман" жобасы аясында өңірге қажетті мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында оқуға облыс әкімінің гранттары үшінші жыл қатарынан бөлініп келеді (ағымдағы жылы 400 грант). Нәтижесінде 3 жыл ішінде түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуі 1800 ден 535 адамға дейін, яғни 3 есеге төмендеді, - деді өңір басшысы.

Оның айтуынша, биыл облыстың 14 колледжіне 32 жаңа модификация кабинеті сатып алынған.

Жағымды жаңалықтардың бірі – жаңа оқу жылының басынан Өскемен қаласының № 46 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған Абай атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия ашылады. 

Сондай-ақ, ШҚО-да халықтың барлық жіктері үшін тұрғын үй мәселесін шешу үшін үш жыл ішінде жалпы ауданы 1 млн шаршы метр болатын 165 көп қабатты үй салу жоспарлануда. Биылғы жылдың 10 айында 19 үй пайдалануға берілді, аумағы 113,1 мың шаршы метрді құрайды.


Жасалған МЖӘ шарттарының саны бойынша облыс Қазақстанда 1-орында. ШҚО-да жалпы сомасы 181,2 млрд теңгеге 221 жоба немесе республика бойынша жобалардың жалпы санының 30,2% - ы іске асырылуда. Жыл басынан бастап 30 МВт күн электр станциясы және құрғақ престеу әдісімен темір бетон бұйымдарын өндіру цехы пайдалануға берілді, - деп атап өтті Даниал Ахметов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, аймақ басшысы Даниал Ахметов Қызыл ту өткеліне көпір міндетті түрде салынатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы