Шығынын өтей алмайтын жоба Үкіметке жүктеме болады – Тоқаев LRT туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы LRT жобасының Үкіметке қосымша жүктеме болатынын мәлімдеді.

Ол мұндай қымбат көлік өз ақысын ақтай алмайтынын жеткізді. 

«Нұр-Сұлтандағы LRT жобасы сапасыз жоспарлау  проблемасына куә болып отыр. Халық үшін ыңғайлы, түсінікті, қолайлы көлік түрінің орнына қымбат тұратын көлік түрі ұсынылған. Сәулетші мамандардың пікірі ескерілмеген деуге болады. Әкімдіктің деректеріне сүйенсек, халық ағымы тәулігіне 146 мың адамға жетеді. Қазіргі уақытта осыған ұқсас маршрут бойынша әуежайдан вокзалға дейін 2 мың адамды құрап отыр. Сіздер жолаушылар ағынын 70 есеге дейін қалай көтерейін деп отырсыздар, маған түсініксіз. Өз шығынын өтей алмайтын жоба үнеме субсидия алып отырады және Үкіметке жүктеме болып отырады деген қауіп бар. Айтпақшы, Астана банкіндегі қытайлық несиенің бөлігі 100 миллиард теңгенің жоғалғанын білеміз. Олар жоқ, жоғалды», - деді президент.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бұл мәселедегі негізгі жұмыс алдағы 2 жылда атқарылада деген жауап айтты.

«Проблемалық несиелер қоры осы қаражатты қайтарудың мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Алғашқы алдын ала қорытындылары бар, бірақ негізгі жұмысты алдағы екі жылда 2020-2021 жылдарда шешуіміз керек. Қалған депозиттің қаржысын қайтару ықтималдығы – 30-40 % асады», - деді президент.

«Нет песни печальнее на свете, как говорится», - деді президент банк төрағасының жауабынан кейін.

LRT-ның құрылысы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталу жоспарланған болатын. 2020 жылдың жазында пайдалануға берілу керек еді. Жобаның құны бір миллиард 887 миллион доллар. Ұзындығы – 22,4 шақырым.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы