ШЫҰ-ның терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) "Бейбітшілік миссиясы – 2020" оқу-жаттығулары Кемерово облысының "Юргинский" полигонында алғаш рет өтеді.
Бұл туралы Орталық әскери округтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, терроризмге қарсы комитет хабарлайды.Тамыз айында өтетін халықаралық оқу-жаттығуларға сегіз елдің – Ресей, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстанның Қарулы Күштерінің өкілдері қатысады.
Ауқымды бірлескен оқу-жаттығулар кезінде әскерилер бірлескен күштер тобының антитеррорлық операцияны дайындау және өткізу міндеттерін орындайды.
Баспасөз қызметі "Бейбітшілік миссиясы" оқу-жаттығуы Сібірде алғаш рет өткізілетіндігін хабарлады. 2002 жылдан бастап қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық аясында ШЫҰ-ға мүше елдер үнемі терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулар өткізіп келеді.
"Бейбітшілік миссиясы" оқу-жаттығулары олардың ішіндегі ең көлемдісі болып табылады және екі жылда бір рет өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы ШЫҰ халықаралық жаттығулары Ресей Федерациясының Челябі облысының Чебаркуль қаласындағы полигонында өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы