28 Тамыз 2026, 22:45
Фото: ҰОК
Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі басталды
Енді ол жартылай финал жолдамасы үшін Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері, франциялық Лука Мхеидземен белдеседі.
Жарыстың ширек финалына Қазақстан құрамасының екі спортшысы жолдама алды. 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов 1/8 финалда швейцариялық Давид Гоштан басым түсті.
Енді ол жартылай финал жолдамасы үшін Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері, франциялық Лука Мхеидземен белдеседі.
66 келіге дейінгі салмақта Ақылжан Жұбатқанов Тәжікстан өкілі Искандар Махмадходжазаданы жеңіп, ширек финалға шықты. Ол жартылай финалға жолдама алу үшін ресейлік Рамазан Абдуллаевпен күш сынасады. Ал Талғат Орынбасар (60 келіге дейін), Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін) және Дана Әбдірова (57 келіге дейін) жарысты ерте кезеңде аяқтады.