Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцария билігі Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шектеулердің арасында ресейлік мұнайға салынатын эмбарго да бар. Бұған дейін бұл пакетті Еуропалық Одақ елдерінің қабылдаған болатын.

ЕО Мәскеуге қарсы шектеулерді 3 маусымда жариялады. Құжат бойынша Ресей мұнайынан бас тарту алты ай ішінде, ал мұнай өнімдеріне тыйым салу сегіз ай ішінде жүзеге асырылады. 

Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Еуроодақ елдерін санкциялардың жетінші пакетін дереу қабылдауға шақырды.

ЕО үшін де, «Үлкен жетілік» және басқа да жетекші елдердің негізгі міндеті – ресейлік экспортты құрту, – деді дипломат.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы