Швейцарияда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған марка шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әдеттегі дәстүрге сүйене отырып, Қазақстанның Швейцариядағы елшілігі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркаларын шығару туралы бастамашылық жасады.
Пошталық маркалар елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый ретінде пайдаланылады.
Швейцарияда қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен электронды қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта-корреспонденциясы қоғам өмірінде маңызды орын алады.
Карантин кезеңінде пошта қызметтері Швейцария тұрғындарының онлайн-сатып алу санының артуына байланысты бірнеше есе өсті. Сыйлықтар, тауарларға тапсырыс, хаттар салынған конверттер – бүгінгі күні «сары алып Swiss Post» арқылы сәлемдемелер мен конверттердің көптеген саны өтіп жатыр.
Қазіргі уақытта біз күн сайын миллионнан астам сәлемдеме өңдейміз. Бұл Post тарихындағы абсолютті рекорд, – деп атап өтті Swiss Post баспасөз өкілі Жаклин Бюлман.
Жалпы алғанда, Швейцариядағы почта және пошта маркаларының тарихы орта ғасырлардан бастау алады және әлемнің түкпір-түкпіріндегі филателистердің назары мен қызығушылығын туғызады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дархан Қыдырәлі: Сыбайлас жемқорлықпен күресте БАҚ белсенді
Өзгелердің жаңалығы