Швейцария биіктікке күн электр станциясын салады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияда теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте, ірі күн электр станциясы соғыла бастады.

Қазір оның құрылысы Альпі тауларында орналасқан Муттзе бөгетінде жүріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, қуаты 2,2 мегаватт болатын станция жылына 3,3 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндіретін болады. Жалпы бұл ел бірте-бірте атом энергетикасынан бас тартып, тұрғындарды тек күн қуатымен қамтамсыз етуді көздейді. Айта кетейін, бүгінде күн сәулесінен алынатын электр қуатының үлесі 4 пайыз шамасында. Жаңа жобаның арқасында бұл көрсеткіш біршама артпақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы