Швецияда ауқымды тәртіпсіздіктер басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швецияда исламға қарсы топ мүшелері елдің көзінше Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл оқиғаның салдарынан 28 тамыз күні кешкі уақытта Мальме қаласында жаппай тәртіпсіздіктер болды. Бұл туралы швециялық SVT телеарнасы хабарлады. 

Құранды өртеу оқиғасынан кейінгі тәртіпсіздіктер Мальме қаласының Русенгорд ауданында аса қатты шарықтап кетті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, наразылық шеруіне шамамен үш жүзге жуық адам қатысқан. Олар қала көшелеріндегі қозғалысқа кедергі келтіріп, құтқару қызметінің көліктеріне шабуыл жасап, тәртіп сақшыларына тас және жанғыш зат құйылған бөтелкелер лақтырды. 

Жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде бірнеше қызметтік автокөлік зақымданды. Одан бөлек, наразылық орын алған көшелердің бірінен өрт шықты. Тәртіпсіздікке қатысушылар онда қоқыс пен көлік қақпасын лақтырып жатты. 

Жергілікті Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Рикард Лундквист бұл жағдай құқыққорғау органдарын алаңдатып отырғанын мәлімдеген еді. Ол тәртіпсіздіктерді әлі де толық бақылауға ала алмай жатқандарын да айтты. Алайда, бұл бағытта қажетті жұмыстар жүргізілуде екенін жеткізді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы