Швецияда алғаш рет экологиялық таза болат шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швециялық «Хайбрит» компаниясы әлемде тұңғыш рет экологиялық таза болатты жасап шығарып, тұтынушыға ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алғашқы өнім «Вольво» көлік компаниясына жеткізілді. Мәселен, бірлестік оны дайындауда әдетте осы металды өндіруде қолданылатын көмірді пайдаланбаған. Оның орнына электр энергиясы мен сутек қолданылған. Бірлестік 2026 жылға таман жаңа өнімді шығаруды өндірістік жолға қоюды жоспарлап отыр.
Мамандар жоба қоршаған ортаны көп ластаушы саналатын болат өндірісін түпкілікті өзгертуге мүмкіндік береді дейді. Ресми дерекке сүйенсек, әлемде шығарылатын парниктік газдың 8 пайызы осы салаға тиеслі екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Мадина Аман қола медаль жеңіп алды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы