Шумахердің ұлы алғаш рет «Формула-2» жарысында жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 жастағы Мик Шумахер «Формула-2» жарысында жеңіске жетті. Бұл - оның карьерасындағы алғашқы жеңісі, деп хабарлады телеканал 360.

Спорттық іс-шара Венгрияның «Хунгароринг» автодромында өтті.

Мик Шумахер жарыста команда пилоты ретінде бақ сынады. Германиялық жарыстың бірінші айналымында-ақ алғашқылардың бірі болып бастап, жарыстың соңына дейін үздіктердің қатарынан көрініп, бірінші орынды еншіледі.

Екінші болып мәре сызығына япониялық Нобухару Мацусита, ал үшінші болып Бразилия өкілі Серхио Сетте Камара келді.

ART командасының атынан қатысқан ресейлік Никита Мазелин мәреге он бесінші болып келді.

Айта кетейік, Мик Шумахер үшін биылғы «Формула-2» жарысы бірінші спорт маусымы, сол себепті бұл – жарыс топтамасындағы оның алғашқы жеңісі.

Бұған дейін Миктің Аустралиядағы Шпильбергте өткен жарыста алған 4-орны ең үздік нәтижесі саналған болатын.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы