Шулы видеодан кейін Алматы Криминалды полиция басшысы жұмыстан кетті

Алматы, BAQ.KZ. Қызметтік тексерістен кейін Алматы Криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин жұмысынан шеттетілді. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өзіндік қауіпсіздік басқармасы блок-бекеттерден аталған кортеждің кедергісіз өту дерегіне байланысты тексеріс жүргізіп жатыр. Оған қатысқан Криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин жұмысынан шеттетілді. Бұл дерекке принципалды баға берілетін болады, - деді Алматы ПД-нің басшысы полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Айта кетсек, бұған дейін желіде бір топ адам мінген қымбат автокөліктің қала ішін шарлап жүрген ролигі тараған еді. Олар тойға бару үшін Алматы блок-бекетінен еш кедергісіз өтіп кетеді. Бейне жазбаның авторы әрі сол топтың мүшесі роликті әлеуметтік желідегі өз парақшасына жариялаған. Ол видео жарияланған парақша қазір жоқ.

Кейін желіде блок-бекеттен кедергісіз өткен көлік туралы мәлімет тарады. Онда көшеде алшаң басып жүргендер Алматы облысы ПД-нің туыстары екені және Күдебаевтың немересінің туған күніне орай ұйымдастырылған Алматыдағы тойға барғаны айтылады. Дегенмен полиция бұл мәліметті растамады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы