«Шүкір, жақсы тұрамыз». Елордада ерекше көрме өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада алғаш рет Рашид Нүрекеевтің жеке көрмесі өтіп жатыр.
Рашид Нүрекеев - қазақстандық заманауи өнердің аға буын өкілдерінің бірі. «Шүкір, жақсы тұрамыз» - бұл суретшінің 90-жылдардың басындағы және соңғы уақыттағы туындыларын біріктірген және Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы үлкен ретроспективасы. Бұл көрме, біз өмір сүріп жатқан қоғамның көрінісі.
Суретші өз туындылары арқылы өзін ойлы бақылаушы, өз елін сүйетін, бірақ қазақстандық шындықты сыни тұрғыдан зерттейтін адам ретінде танылады.
Бұған дейін суретші Рашид Нүрекеевтің көрмелері Германияда, Австрияда және Израильде өткізілді. Алайда ол халықаралық өнер сахнасында танымал бола алғанына қарамастан, жергілікті көрермендер автордың шығармашылығымен әлі де болса таныс емес.
Рашид айтқандай, «Дәстүрлі кескіндеме қазіргі заманғы мәдениеттің сын-қатерлеріне жауап беруден қалды». Ол заманауи осы шындықты өзінің әр түрлі экспрессивті құралдары мен «Шүкір, жақсы тұрамыз» көрмесі арқылы ашуға тырысқан. Рашид Нүрекеев - талғампаз аудитория үшін жаралған суретші. Біріншіден, оның жұмыстары сирек көрмеге қойылады және оның суреттерінің көпшілігі жеке коллекциялардан орын алған. Екіншіден, Нүрекеев көрерменнен белсенді позицияны күтеді, - деп атап өтті көрме кураторы Мадина Серғазина.
Оның айтуынша, COVID-19 індетіне байланысты қиын жағдай бүкіл қоғам үшін, өнер әлемі үшін үлкен сынақ.
Жалған жаңалықтар мен инфекциялардың статистикасы - осының бәрі қоғамдық санада із қалдырады және сезімталдылық пен шындықты қабылдаудың жаңа режимдерін іздеуге итермелейді. Өнер мұндай жағдайда шабыт пен шындыққа жаңа түсінік беру миссиясын орындайды, - дейді ол көрме туралы.Көрмеде бірнеше қызықты, ерекше жұмыстар қойылған.
Көріп тұрғандарыңыздай, бұл сурет Алғыс айту күніне орай жасалған туынды.
Сонымен қатар көрмеден түрлі жан-жануарлар да бейнеленген өнер туындаларын тамашалауға болады.
Сурет Нүрекеевтің жеке көрмесінен Абай атамыздың да суретін көруге мүмкіндік бар.
Айта кетейік, көрмені сәрсенбі-жексенбі күндері аралығында сағат 12:00-20:00-ге дейін тамашалауға болады.