Батырхан Шүкеновтің дүниеден озғанына 5 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер, "Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері" Батырхан Шүкеновтің өмірден озғанына – 5 жыл.
Батырхан Қамалұлы Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол 1982 жылы "Арай" тобында саксофоншы болады. Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен бірге өнер көрсетеді. Топтың құрамында Батырхан джаз композицияларын орындай жүріп, өзін альт және тенор-саксофон виртуозы ретінде көрсетеді.
1983 жылы Бүкілодақтық эстрада әртістері байқауының лауреаты атанды. Ал 1985 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіреді. Әнші 1987 жылы "Арай" тобынан кетіп, "Алма-Ата" деген атаумен музыкалық топ құрады. Өзінің жеке шығармалығын бастайды.
Сол жылы "Алма-Ата" тобы "Путь без остановок" деген атаумен (барлығы 8 ән, оның 2-еуі – қазақша) өздерінің алғашқы альбомын шығарады. Ал 1988 жылы олар топтың атын "Алма-Ата Студио" деп өзгертеді, кейін топтың аты "А-Studio" болып тағы өзгереді.
1989 жылы музыканттар алғашқы "Джулия" хитын шығарады. Алла Пугачева бірден топпен танысып, оларды Мәскеуге жұмыс істеуге шақырады. Олар "Рождественские встречи" бағдарламасына қатысқан соң, "A-Studio" тобы бүкіл одаққа танымал болады.
2000 жылдың күзінде Батырхан Шүкенов "A-Studio" тобынан кетіп, этникалық музыкаға оралуға шешім қабылдайды. Ал 2002 жылы Батыр өзінің алғашқы жеке альбомы "Отан ананы" жарыққа шығарады.
2005 жылы әнші "Твои шаги" әнімен Киевте өткен "Евровидение – 2005" музыкалық сайысына қатысады. Дауыс беру қорытындысы бойынша ол жетінші орынды иеленеді. Ал 2007 Алматыдағы республика сарайында "Батыр LIVE" альбомы жарық көреді.
Әнші 2007-2015 жылдары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы кеңесшісі қызметін де атқарған. Сондай-ақ, 2009 жылы Қазақстандағы ЮНИСЕФ елшісі болады.
2013 жылы Батырханның соңғы "Душа" атты альбомы жарыққа шығады. Дәл сол жылы әнші ресейлік "Россия-1" телеарнасындағы "Живой звук" телебағдарламасының жеңімпазы атанады.
Батырхан Шүкенов 2015 жылдың 28 сәуірінде жүрегі кенеттен тоқтап, Мәскеуде қаза болды.