Шұғыл: Ірі ақпарат агенттігінің басшысы отбасымен бірге өлі күйінде табылды

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Грир қаласында бірнеше сағат бұрын ірі ақпарат агенттігі – Bloomberg-тің басшыларының бірі Ричард Самарел мен оның отбасы мүшелерінің өлі денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

New York Post таратқан ақпаратқа сәйкес, отбасының жоғалып кеткенін айтып, олардың көршілері дабыл қаққан. Дәл қазіргі сәтте олардың кісі қолынан қаза тапқаны немесе жазатайым оқиға салдарынан көз жұмғаны белгісіз.

Үйде отбасылық жұптың өзге де балалары тұрған. Қайғылы оқиға болған сәтте олардың мектепте екендігі анықталды, - делінген хабарламада.

Көз жұмған Саманта есімді қыз баланың жасы небәрі тоғызда екендігі айтылды.

Барынша нақты ақпарат сәйкес уақытта жарияланады және агенттік бұл оқиғаны зерттеуін жалғастыра алады, - делінген кеңсе таратқан мәлімдемеде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы