Шұғыл: бүгін Ақмола облысында жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына орай, қазір Ақмола облысында жолдар жабылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚО филиалына сілтеме жасап.

Соған байланысты, 2024 жылғы 11 қазанда сағат 19:30-дан бастап, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Шектеу шаралары мына автожолдар учаскесінде іске асырылып отыр:

  • А-1 «Астана-Петропавл» жолының 341-367-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Келлеровка ауылына дейін);
  • А-13 «Көкшетау-Омбы» жолының 50-54-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Чкалово ауылына дейін);
  • Р-11 «Көкшетау-Рузаевка» жолының 61-91-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына дейін).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚазАвтоЖол
Өзгелердің жаңалығы