Шудың 54 жастағы тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Күдіктінің үйін тінту кезінде жазғы ас үйден қара-жасыл түсті ұнтақ заты бар 2 полиэтилен пакет тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме  жасап. 

Гашиштің салмағы 4 келі 65 гр. 

Ұсталған адам өзінің кінәсін толығымен мойындап, Шу қаласының УҰИ қамалды. 

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы